Түркістан
EN

Түркістан облысында 14 бағытта жол жабылды

304
02.02.2024 22:43

Түркістан облысындағы қалың қар мен бұрқасын салдарынан 14 бағытта жол жабылды. Барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Олардың бірі - республикалық, қалған 13-і облыстық маңызы бар жолдар. Қазіргі кезде төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп, құтқарушылар жолда қалып қойған көліктерге көмек беруде. Қосымша "Шұғыл желі"  іске қосылды.  Сондай-ақ, төтеншеліктер мұндай  қолайсыз ауа райы ертең де сақталатынын ескертеді.

️