Рекорд: бір тәулікте – 6119 науқас

125
25.07.2021 01:14

Елімізде індет жұқтыру  бойынша  рекорд жаңарды.  Өткен тәулікте 6119 адамнан коронавирус анықталды. Бұл - пандемия басталғалы 1 жылдан астам мерзім ішінде еліміз бойынша індеттің тәуліктік өсімнің ең жоғарғы көрсеткіші. Демек, дәл қазір Қазақстанның барлық өңірінде вирус күшіне мінді деген сөз. Бүгінде 71 221 адам індеттен емделіп жатыр. Ал 1258 науқастың жағдайы ауыр. Айта кетейік, еліміздің 15 өңірі «қызыл» аймақта тұр. Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта. Індет әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматыда ушығып тұр. Қос қалада күн сайын ауруханаға шамамен 300-400 адам түседі. Айта кетейік, былтыр наурыз айынан бері коронавирустан  5200, пневмониядан 3,5 мың адам көз жұмған.  Ал өткен тәулікте 64 адам қауіпті кеселден,  тағы 10 адам пневмониядан көз жұмған. Бүгінге дейін 3 миллионнан астам адам індетке қарсы екпе салдырып үлгерген.