Түркістан облысында карантиндік талаптарға бағынбаған 23 тойхана жабылды

258
25.07.2021 01:12

Түркістан облысында жыл басынан бері 481 той тоқтатылып, шектеу шараларына бағынбаған 3200-ден аса тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал арнайы соттың шешімімен 23 тойхана жабылыпты. Той жасаушыларға 184 млн теңге айыппұл салынған. Өңірде жаңа қаулығы сәйкес карантин талаптар тағы күшейді. Мамандардың айтуынша, коронавирустық инфекциямен ауыратындардың көпшілігі індетті мерекелік, отбасылық іс-шаралар кезінде қоғамдық орындарда жұқтырады екен. Сондықтан өңір басшысы мобильді топтар жұмысының тиімділігі төмен екенін атап өтіп, олардың жұмысын қайта қарауды және күшейтуді тапсырды.