Тұрмыстық зорлық зомбылық көбейді

251
23.07.2021 03:36

Әлемде әр үшінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Бұл – Біріккен ұлттар ұйымының берген соңғы дерегі. Бұл аз десек, дүниежүзінің бірқатар елдерінде балалардың 40%-ы өз отбасында қорлық көреді. Ал пандемия бұл мәселені одан сайын ушықтыра түскен. Осыған орай бүгін Түркістан қаласында тұрмыстық зорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті. Онда аталған мәселені шешу үшін үкіметаралық кешенді жұмыс әдісі керектігі айтылып, бірқатар ұсыныстар талқыланды. Дәлірек айтсақ, біріншіден, күйеуінен жәбір көрген келіншектер хабарласа алатын шұғыл желі, екіншіден заңгер, психолог, медициналық мамандар көмегі. Үшіншіден, осы іске қатысты құқық қорғау органдарының жауапкершілігін арттыру керек деді мамандар.