Қасиетті Құрбан айт мерекесінің екінші күні 30 мыңнан астам отбасыға қайрымдылық жасалды. Игі іске Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мұрындық болған. Ұлық мейрамда қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы республика бойынша 32 896 мұқтаж отбасыға құрбандық етін жеткізген. Қайырымдылық жасап, қайырлы іске себепкер болған жандардың қатарында Түркістандық Малика Жусупова да бар. Облыстық «Қызыл ай» қоғамының төрайымы еріктілерді жинап, 150 отбасыға 8 келіден ет таратқан. Қайрымдылық қоры үш өгіз алып, жалпы көлемі 700 келі етті мұқтаж отбасыларға үлестірген.
️