Түркістан облысында интернет мәселесі өзекті

252
30.01.2024 16:15

Былтыр интернет құны арзан 20 ел­дің қатарына кіретін едік. Осыны естіген пысықай ұялы байланыс операторлары бір жыл ішінде 3-4 мәрте тарифті қымбаттатып үлгерді. Екі арада ел тұрғындары сандалды да қалды. Қалтасындағы қаржыны не телефонына не уайфайға саларын білмей дал болып жүр. Оған көніп екі есе шығындалған тұрғындар сапасына көрсететін қызметі сай келмейді деп шағымдануда. Бұқараның базынасымен әріптесім танысып қайтты.