Токиода жазғы олимпиада ойындары басталды

273
23.07.2021 03:27

Коронавирус пандемиясы салдарынан бір жылға кейін шегерілген Токиодағы Олимпиада ойындарының алғашқы жарыстары басталды. Дегенмен дүбірлі додаға әлемді жайлаған індеттің тағы да кесірін тигізетін түрі бар. Себебі соңғы бір тәулікте спортшылар арасында коронавирус жұқтырған 12 адам анықталған. Олардың арасында чилилік тхэквондист Фернанда Агирреде бар. 21 жастағы спортшы қыздың індетті жұқтырғаны расталып, төрт жылдықтың басты додасына қатыса алмайтын болды. Вирус жұқтырғандар саны көбеюіне байланысты Олимпиаданы тоқтатуы мүмкін бе? Жапония халқы неге ереуілге шығып жатыр? Ергелді Тілеуқұлдың репортажы.