Түркістан облысында интернет алаяқтық қылмысы көбейген

104
26.01.2024 16:04

Түркістан облысында былтыр интернет-алаяқтық бойынша 567 іс тіркелген. Оның 219-ы сотқа жолданды. Аталған бағыттағы қылмысты ашу бойынша өңір полицейлері Республика көлемінде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Облыста «CyberPol» қызметкерлерімен жүргізілген жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде 67 қылмыскер құрықталып, оларға 113 интернет-алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы дәлелденді. Оның ішінде әлеуметтік желілерде бірнеше жалған аккаунттар ашып жәбірленушілерден арзан бағада жиһаз жасауға тапсырыс алып, алаяқтық жасағандар да бар.