Түркістан
EN

Көктайғақ салдарынан көлік қозғалысы қиындады

149
26.01.2024 21:01

Жаңбырдың соңы қарға ұласты. Соның салдарынан Түркістанның орталық көшелерінде мұз қатқан жолдар тұрғындарды әбігерге салуда. Әсіресе жаңа және ескі қала тұрғындары орталық базарға қатынайтын көшелерде мұз қалың. Қазір Түркістанда күн райы -8 градусты көрсетіп тұр. Жауаптылар жылдамдықты асырмай, барынша сақ жүруді сұрайды. 

️