Ауылшаруашылығы жаңалықтарына ойыссақ. Түркістан облысы Түлкібас ауданында жылқы және ірі қара бордақылаумен айналысатын 76 шаруашылық бар. Бүгінде онда 2000 бастан астам мал өсірілуде. Шералы Өміралиев – атакәсіпті заманға сай дамытып отырғандардың бірі. Шаруа қожалығының иесі бүгінде «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 800 млн. теңге несие алуға құжат өткізген. Аталған қаржыға ірі қара санын мыңға жеткізуді жоспарлап отыр.
Кәсіпкер осыдан 5-6 жыл бұрын өз қаражатына 10-15 жылқы сатып алып, мал бордақылау кәсібін бастаған. Бүгінде ол 70 «Ақ бас» ірі қара, 250 бас «Қазақы қой» мен 30 жылқы семіртіп, бейнетінің жемісін көріп отыр.
️