Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданында жеке қабылдау өткізді

152
25.01.2024 16:34

Аймақ басшысы Түлкібас ауданына сапары барысында кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. «Ашық есік күніне» келген азаматтар әлеуметтік мәселелерді алға тартып, денсаулық жағдайына шағымданды. Жер телімінің шешімін заңдастыруды және балық шаруашылығын дамытуға жер сұрады. Сондай-ақ республикалық жолға маусымдық жұмыстар жүргізілмейтіні, ірі аудандағы электр желілерін ауыстыру туралы өтініштер айтылды. Одан бөлек, Көкбұлақ өзенінің үстінен алтын қазып жатқандардың ісіне наразылығын білдірді.