Ауған соғыс ардагері

251
25.01.2024 16:27

«Ауған соғысында бір аяғымнан айырылдым». Қан майданның қасіретін көрген түркістандық Сапарбек Фазылбеков бүгінде туыс-туғанның үйін паналауға мәжбүр. Айтуынша, ауған соғысының ардагерлеріне мемлекет тарапынан баспана беру мәселесі қарастырылмаған. Ал мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақысы өзінің ем-домына да жетпейді.  Айта кетсек, биыл Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің  Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл. Осы орайда ауған соғысының ардагерлеріне қандай да бір қолдау бола ма? Тілшіміз анықтап көрді.