Сайрам ауданында әйелдер күресінен облыстық чемпионат өтуде

63
25.01.2024 15:48

Сайрам ауданында әйелдер күресінен жастар мен жасөспірім қыздар арасында облыс чемпионаты өтіп жатыр. Бұрымдылар арасындағы күрес бәсекесіне 84 спортшы қатысуда. Олар 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтайды. Сайыста бірінші және екінші орын алған балуандар сәуірдің 5-8 күндері Петропавлда өтетін ел чемпионатында облыс намысы үшін күреседі.