Дәл қазір: Мұз сарайында балалар қанша жастан бастап қысқы спорт түрімен шұғылдана алады?

276
19.01.2024 18:57

Түркістан қаласындағы "Мұз сарайы" кешенінде балаларға арналған спорт үйірмелері жұмыс істеп тұр. Яғни, мектеп оқушылары мен кішкентай бүлдіршіндерге қысқы спорт түрімен кәсіби түрде шұғылдануға мүмкіндік бар. Дәл қазір әріптесім Назым Қайратқызы мұз сарайынан тікелей байланысқа шыққалы тұр.