"Парасат биігі" Түркістанға жетті

1093
21.07.2021 05:16

«Парасат биігі» Түркістанға да келіп жетті. Белгілі журналист Бейсен Құранбек туралы кітап Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан. Ал құрастырған әріптестері мен шәкірттері, жанашыр замандастары. Кітапқа журналистің жас кезінде жазған мақалалары мен «Айтуға оңай», “Қарекет” бағдарламалары арқылы көрерменге кеңінен танылған жылдары баспасөзге берген сұхбаттары мен ой толғамдары енген. Туындының біреуі «Түркістан тв» телеарнасына, қалған үш данасы қаланың Орталық кітапханасына табыс етілді. Әзірге 500 данамен жарыққа шыққан «Парасат биігі» кітапханаларға тегін таратылады. Ал қалған оқырман қауымы оны өзі қалаған бағада сатып алып, қайырымды іске үлес қоса алады.