Түркістан облысының әкімі Кентаудағы тұрғын үйлердің жылу жүйесін тексерді

120
15.01.2024 10:05

Елімізде ауа-райы күрт төмендеуіне байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласындағы жылу орталықты ерекше назарға алды. Шаһарға арнайы барып, көпқабатты үйлердің жылу сапасын тексерді. Одан бөлек, апатты жағдайда тұрған нысандарды аралап, жай-күйімен танысты.