Отбасы банкі ұсынған осы жоба 35 жасқа дейінгі азаматтарға үй алуға 5 пайыздық мөлшерлемемен несие береді деп жоспарлануда. Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында осындай мәселе қарастырылды. Жиында сондай-ақ «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының облыстағы жүзеге асу барысы мен жастардың өзекті деген мәселелері талқыланды. Толығырақ тілші материалында.
Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес «Жастар-Отанға» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында құрылған. Облыс жастарының сапалы білім алуы, жұмыспен, баспанамен қамтылуы мен тұлға ретінде қалыптасуы тұрғысындағы мәселелерін шешу аталған ұйымның басты мақсаты.
АМАЛБЕК ӨМІРТАЙ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ
Басқосуда талқыға түскен мәселенің бірі - «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының аймақтағы жүзеге асу барысы. Аталған бағдарлама 2014 жылдан бері оңтүстік өңірдің мыңдаған жас өреннің Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстанның коледждері мен ЖОО-да сапалы білім алуына мүмкіндік беруде.
АРДАҚ САДЫҚОВА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кеңес мүшелері аталған бағдарламаға қатысу жолдарын, қандай құжат жинау керек екенін жастардың көбі білмейтінін айтты. Себебі насихаты нашар, қала берді бюрократиялық кедергілер де бар. Сондықтан бүгінде әр ауданның әлеуметтік желі арқылы бағдарламалар жөнінде күн сайын ақпарат беруі тиіс.
БЕЙСЕНБАЙ ТӘЖІБАЕВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Сонымен қатар, жиын барысында аймақ жастарын баспанамен қамтуға арналған «Turkistan zhastary» атты жаңа бағдарлама талқыланды. Отбасы банкі ұсынған аталған жоба 35 жасқа дейінгі азаматтарға үй алуға 5 пайыздық мөлшерлемемен несие береді деп жоспарлануда.
Назым Қайратқызы
️