Жапонияда спортшы жоғалып кетті

157
21.07.2021 05:10

Жапониядағы жазғы Олимпиада ойындарына келген 20 жасар угандалық ауыр атлет із-түссіз жоғалып кетті. Жаттығу алдында спортшы коронавирусқа тест тапсыруы тиіс болған. Алайда оны жауапты қызметкерлер бөлмесінен таппаған. Кейіннен оның қонақүйдегі өз номерінде жазба қалдырып кеткені белгілі болды. Онда спортшы Угандадағы өмір сүру деңгейінің төмен екендігін, сол себепті еліне қайтып оралғысы келмейтінін жазған көрінеді. Сондай-ақ, Жапонияда жұмыс істеу үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын және делегация мүшелерінен өз заттарын беріп жіберуін өтінген. Қазір жергілікті полиция атлетті іздеуге кірісті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, спортшы өзі орналасқан қонақ үйден 200 шақырым жердегі Нагоя қаласына билет алып, поездға мініп кеткен.  Ол  сол жерде теміржол бекетіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.