Түркістан
EN

Түркістанда қызылша ауруына қарсы штаб отырысы өтті

303
10.01.2024

Еліміздің біршама өңірінде қызылша ауруы әлі де өршіп тұр. Олардың қатарында Түркістан облысы да бар. Былтырдың өзінде осы диагнозбен 3647 күдікті тіркеліп, оның 64 пайызы анықталды.  Дәлелденген 2335 жағдайдың 2 мыңнан астамы 18 жасқа дейінгі балалар. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев штаб отырысын өткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырма берді. Індеттің алдын алу үшін, жаппай вакцинациялау өтуге шақырды.

️