120 мыңнан астам халық ауыз сумен қамтылды

314
04.01.2024 19:37

Өткен жылы Түркістан облысының 120 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтылып, 27 нысанның құрылысы жүргізілді. Олардың басым көпшілігі, Сарыағаш, Ордабасы ауданындағы елдімекендер. Осылайша бүгінде облыстағы 832 елдімекеннің 90 пайызға жуығы суға қол жеткізіп отыр. Ал, оны 100 пайызға жеткізу үшін, «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Оған сәйкес, 2025 жылға дейін тағы 113 елдімекенге сапалы ауыз су жетеді.