Жаңа жыл қарсаңында 11 нысан пайдалануға беріліп, 81 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді

225
28.12.2023 10:03

Сауран ауданы, Ойық елді мекенінің тұрғындары енді тіршілік нәрінен тарықпайды. Ауылда 40-тан астам шаңырақ, 250-ден астам тұрғын бар. Талай жылдан бері ауыл халқы ауыз су мәселесін айтып, шағымданып келген. Енді, міне, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында әр үйге құбыр тартылып отыр.