Саурандық 100-ден аса ерекше бала ертегілер әлеміне саяхаттады

253
25.12.2023 09:54

Саурандық 100-ден аса ерекше бала ертегілер әлеміне саяхаттады. Түркістан қаласындағы Конгрес-Холл көпсалалы кешенінде ерекше қажеттілігі бар бүлдіршіндер үшін жаңа жылдық мереке ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Айта кетсек, Сауран ауданында барлығы 685 ерекше бала бар, оның 115-і аудандық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметіне алынған. Мерекелік іс-шара барысында олар өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің көзайымына айналды.