«Арыстықтар Батысқа көмек беруден бас тартып, тіпті жинаған шөбімізді теміржол бойынан өткізбей жатыр». Маңғыстауда жайлаған жұтқа бейжай қарап отыра алмай, бәрін тастап шөп шабуға кірісіп кеткен Құрмет Талапқазы әлеуметтік желіде осылай жар салды. Айтуынша, мақтааралдық тұрғындардың Маңғыстауға көмек ретінде жинаған мың орама шөбі Арыс қаласындағы Қостүйін станциясында тұралап қалған. Ал қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Шөптің шуы неден басталды?
️