1274 отбасына үй беріледі

263
21.05.2021 13:00

Түркістанда жүзден астам нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің орны ерекше. Себебі пәтер алу кезегінде тұрғандар көп. Бүгін қала әкімдігінде осы мәселе талқыланды. 

Түркістанда халық саны арта түсуіне байланысты пәтер алуға кезекке тұрғандар да көбейген. Қазіргі таңда 13025 азамат өтініш беріп үлгерген. 

Әзімхан Омаров – Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы 

Әлеуметтік аз қамтылған осал топта 5560 адам, 3260 көпбалалы ана, 4018 мемлекеттік қызметкер 187 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар бар. 

Түркістан қаласында қазір 103 нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 629 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бой көтерген нысандардың 82-сі - көпқабатты тұрғын үйлер. 

Нұрсұлтан Жақсылық - Құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы 

Қазіргі таңда 7,9,12 қабатты 82 үйдің құрылысы жүріп жатыр. 

Жыл соңына дейін қала әкімдігі пәтер кезегінде тұрған 1274 отбасыға баспана беруді жоспарлап отыр. Қазір құрылыс қарқыны арта түскен. 

Рашид Аюпов- қала әкімі

Жылдың басында 400 дедік, динамикамыз жақсарғанда 700 дедік енді 1274 пәтерді жыл соңына дейін бере аламыз ба? Бере алмай ұятқа қалып жүрмейміз бе? 

Бұл ретте үйге келетін инфрақұрылым мәселесін де қатаң назарда ұстау керек. Қала басшысы берілетін пәтерлердің сапасын қадағалауды қатаң ескертті.