Кентауда 10-ға жуық бесікті қатар тербеткен ана тұрады

223
14.12.2023 15:02

«Мәуелі ағашқа айналдық». Кентау қаласында тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 10-ға жуық тастанды баланы бағып-қаққан ана тұрады. Гүлжахан Жұмашева қазір олардан 29 немере, 16 шөбере сүйіп отыр. Берекелі отбасы бүгінде көпке үлгі. Тіпті «Алтын жүрек», Республикалық «Мерейлі отбасы», «Алтын шаңырақ» байқауларының жүлдегері атанған. Тамырын тереңге жайған әулетпен әріптесім Балым Әлішер танысып келді.