Қостанайда бір қабатты ғимарат құлап, бірнеше адам үйінді астында қалды

118
12.12.2023 10:17

Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болды. Құтқарушылар үйінді астында қалған 4 адамды алып шыққан. 7 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Нысанның толықтай опырылып түсуі салдарынан іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу қиынға соғып отырғанға ұқсайды. Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше қирандылар астында әлі де 2 адам болуы мүмкін. Толығырақ тілші материалында.