Бүгін – Тұңғыш Президент күні. Осыдан 12 жыл бұрын Сенат 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде бекітті. Әрине, бұл датаның таңдалуы кездейсоқ емес. 1991 жылдың дәл осы күні Қазақстанда алғаш рет президент сайлауы өткен еді. Сөйтіп, 9 жыл бойы жоғары деңгейде тойланып келді. Алайда былтырғы қыркүйектен бері бұл тізімнен шығарылды. Мәжілістің таратқан мәліметіне сәйкес, мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты қоғамдық маңызы жоғары датаға айналды.
️