Covid тің ең жас құрбаны

119
21.05.2021 12:54

23 жастағы келіншек коронавирустан  көз жұмды. Шымкент қаласының тұрғыны еліміз бойынша індеттің ең жас құрбаны деп танылды. Марқұмның артында кішкентай баласы қалды. Бүгінде «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары қалып отыр. Ал Шымкент, Алматы, Қостанай, Маңғыстау мен Павлодар облыстары «сары» аймақта тұрса, қалған өңірлер «жасыл» аймаққа өтті.  Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде  індетттен 329 мыңнан аса адам жазылып, 2892 адам емделіп шыққан.

БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ - ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  

Қайтыс болған науқастардың ең кішісі 23 жаста,  41 жастағы науқас та көз жұмды. Бүгінгі таңда қала тұрғындары QazCovid-In-ді таңдайды. Өйткені бұл отандық өндіруші, бұл патриоттық сәттер. 167 370 адамға бірінші компонент, 69 905 адамға екінші компонент салынды. 

Шымкентте вирус жұқтырған 109 адамның 52-сі стационарға жеткізілді. Соңғы деректер бойынша, коронавирус белгілері бар 121 жағдай тіркеліп, 113 адам емделіп шықты. Індет басталғалы Түркістан облысында  52 адам көз жұмған.