Түркістан аймақтық IT-хабқа айналуы мүмкін

91
27.11.2023 09:40

Түркістандық оқушылар енді биология, химия, физика пәндерін виртуалды сыныптарда оқуы мүмкін. Соңғы үлгідегі технологиялар бастапқыда облыстың 1 мектебінде пилоттық режимде іске асырылмақ. Әрі қарай оң нәтиже көрсеткен жағдайда, аймаққа түгел таралады. Бұл туралы «Блокчейн және цифрлық технологиялар: өңірлердегі цифрлық технологиялардың рөлі» сессиясында белгілі болды.