Түркістан
EN

Төлеби ауданында қызылша жұқтырғандар күрт көбейді

272
21.11.2023 14:24

Түркістан облысындағы Төлеби ауданында қызылша індеті күрт көбейді. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға күніне 30-дан астам науқас келіп түсуде. Емделушілердің басым көпшілігі екпе салдырмаған дейді сала мамандары. Қызылша ауруына шалдыққандардың көбі жасөспірімдер мен балалар. Медицина қызметкерлері ата-аналарға балаларынан қызу көтерілу сынды белгілер болса, өздігінен емдемей дәрігердің кеңесіне жүгіну керектігін жеткізді.

️