Өзбекстан астанасында «Киелі Түркістаннан – тарихи Ташкентке» әдеби-мәдени шарасы өтті. Мақсат- өзара тәжірибе алмасу, екі елдің ынтымақтастығы мен әдеби-мәдени байланысын арттыру, қазақ-өзбек қаламгерлерін және олардың шығармаларын кеңінен насихаттау. Келелі жиынға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы ұйытқы болып, Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан ұлттық кітапханасы қолдау көрсеткен.
️