Дәл қазір: Облыс әкімі Арыс қаласы кәсіпкерлерімен кездесті

105
16.11.2023 09:56

Арыс қаласында құс шаруашылығы өнімдеріне жетіспеушілік байқалады. Аймақ өзіне қажетті тауарды көршілес орналасқан аудандардан алдырады. Ал үй жайында тауық ұстайтындар Арыс нарығының тек 15 пайызын ғана қамтып отыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына барған жұмыс сапарында айтылды. Жұмыс сапарына әріптесіміз Нұрдәулет Сыздық та бар.