Түркістан
EN

Түркістан облысының 100-ге жуық педагогы жапон еліне тәжірибе алмасуға барады

246
13.11.2023 17:14

Түркістан облысының 100-ге жуық педагогы жапон еліне тәжірибе алмасуға барады. Бұл туралы Облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан Нұрмаханбетұлы өңірлік коммуникация қызметінде мәлімдеді. Токиоға бірінші лекпен 15 ұстаз барып келді. Игі бастама білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу үшін қолға алынған. Шетелге барған ұстаздар қазіргі жапон білім беру жүйесінің қалыптасу тарихымен танысып және зерттеу топтарының жұмысына қатысқан.

️