Шардаралықтар сайлауға белсене қатысты

143
06.11.2023 10:40

Шардара ауданында әкім сайлауы өтті. Аудандағы 33 сайлау учаскесінде барлығы 44 109 сайлаушы тіркелген. Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елдегі сайлау жүйесі жетілдірілуде. Дауыс беру науқаны республика бойынша 45 аудан-қалаларда өткізілді. Түркістан облысы бойынша аталған сайлауға Шардарадан бөлек, Мақтаарал, Созақ және Бәйдібек аудандары қатысты.