Есіркеп батыр есімі ұлықталды

720
01.11.2023 15:17

17-18 ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы - қазақ тарихындағы ең бір елеулі оқиғалардың бірі. Дәл сол кезеңде ұлтымыздың батыр ұлдары кең даланы қас дұшпанмен қасық қаны қалғанша соғысып, қайсарлықпен қорғап қалды. Олардың арасында күнгейде өмір сүрген Есіркеп батыр да бар. Бүгінде ұрпақтары бір кездері туған жерін қызғыштай қорғаған қолбасшы рухына арнап ас беріп, қазақ күресінен турнир өткізді.