Қырғыз Республикасы Жалал-Абад облысындағы сел кезінде жоғалған 4 жасар қыздың денесі табылды. Елдің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүлдіршіннің мәйітін құтқарушылдар сел жүргеннен кейін бір күн өткенде ғана тапқан. Сондай-ақ тағы бір бала із-түссіз жоғалып кеткен. Оны іздестіруге құтқарушылармен бірге ауыл тұрғындары да жұмылдырылған. Естеріңізге салсам, 12 шілде күні елдің оңтүстігіндегі Ақсый ауданында нөсер жаңбыр жауып, оның соңы селге ұласқан еді. Тасқын суға кетіп 6 адам қайтыс болды. Табиғи апаттан екі үй жарамсыз болып, Жаны-Жол ауылындағы жайылымға апарар жол су астында қалды.
️