Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы басталды

212
26.10.2023 10:50

Қырғызстанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі басталды. Жиынға қатысу үшін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күні кеше Бішкекке арнайы келген болатын. Жиында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңістігінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар талқыланбақ. Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтілуде.