Түркістандық бүлдіршіндер “Жұлдыз болғың келсе...” музыкалық жобасының республикалық кезеңінде жүлделі орынға ие болды. Шымкент қаласында өткен байқауды Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова 11 жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Облыстың кішкентай жұлдыздары қазылар алқасын қалай таң қалдырды? Тілші бейнематериалына зер салайық.
Ғайша Орынбекова Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қобызды шебер меңгерген. Жас өнерпаз аспапты 2 жыл бұрын үйрене бастаған. Осы уақыт аралығында өнерін шыңдау үшін түрлі байқауларға қатысып, бірталай жетістікке жетіп үлгерді. Талантты қыз «Жұлдыз болғың келсе...» республикалық байқауында бақ сынап, жүлделі 2-орынды иеленді.
Ғайша орынбекова байқауға қатысушы
Әнші әрі продюсер Майра Ілиясова қазылық еткен байқауға қатысушылар үш номинация бойынша іріктелді. Жанды дауыс, сахналық киім, сәтті репертуар – іріктеу турының басты талабы.
Жүлделі орын алған балалар өнер әлеміне жол ашқан ұстаздарына дән риза. «Ақжайық» музыка мектебінің шығармашылық ұжымы жас таланттарды баулуда аянбай еңбек етіп келеді. Былтыр қараша айында ғана ашылған өнер ордасы бүгінде бірталай жетістікке жетіп үлгерді.
Жетекшісі
«Жұлдыз болғың келсе...» музыкалық байқауы – үлкен сахнаға жетелейтін жоба. Себебі одан сүрінбей өткендер республикалық гала-концертте еліміздің танымал жұлдыздарымен бірге өнер көрсетеді.
Назым Қайратқызы
️