Елімізде індет жұқтыру бойынша антирекорд жаңарды. Өткен тәулікте 3899 жағдай тіркелген. Жұқтырушылар көрсеткішінде Елорда қаласы ең алдында тұр. Бас қалада бір тәулікте 950 адам коронавирусқа шалдықққан. Қазақстанда соңғы тәулікте пневмониядан 6, коронавирустан 34 адам көз жұмған. Ал Түркістан облысында вирусқа шалдығушылар қатарының аздаған өсімі байқалады. Мұнда тәуліктік өсім 1,02 пайызды құрайды. Жалпы облыста пандемия басталғалы 7554 жағдай тіркелген. Айта кетейік, тура бір жыл бұрын дәл осы күні аза тұтып, коронавирус құрбандарын минуттық үнсіздікпен еске алған едік. 365 күн бұрын қауіпті кеселден қайтыс болғандар саны 375 еді. Ал бүгінде 4716 адам көз жұмды. Одан өзге індеттен бір жыл бұрын 59 899 адам ауырса, биыл 462 417 ге жетіп отыр.
️