Халық қалаулылары есеп берді

293
29.09.2023 10:08

Түркістан облысында қазіргі таңда өзектілігі жоғары мәселелер көп. Осы орайда шешімін таппай тұрған проблемалардың күрмеуін тарқатуға «AMANAT»-тық депутаттар да өз деңгейінде ат салысуда. Облыстық партия филиалының ғимаратында бірнеше халық қалаулылары БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді. Атап айтсақ, сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндап, құрылысы аяқталмай созбаққа салынған нысандар жөнінде сөз болды.