Жіті респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмау өршіп тұр

209
29.09.2023 09:59

Түркістан облысында жіті респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмау ауруы өршіп тұр. Өңірде осы диагнозбен өткен жылы 4 мыңнан астам жағдай тіркелсе, биыл 25 есеге өсіп, науқастар саны 102 718 -ге жеткен. Дегенмен салыстырмалы түрде аурушаңдық эпидемиологиялық бақылау деңгейінен асқан жоқ. Алайда аурудың алдын алудың ең сенімді жолы - тұмауға қарсы екпе алу дейді мамандар. Ол үшін ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 250 мыңға жуық  дозасы алынып, облыс тұрғындарының 12,2% -ын екпемен қамту жоспарланып отыр.