11 көшеге инфрақұрылым жүргізілді

199
26.09.2023 09:45

Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылында  «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 11 көшеге инфрақұрылым жүргізілді. 3 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда асфальт төсеу, аяқ жолдар салу, суағарлар орнату және көшелерді толықтай жарықтандыру жұмыстары атқарылған. Айта кетсек, өткен жылы ауылда балаларға арналған аллея ашылып, табиғи газ берілген еді. Енді алдағы уақытта жастарға арналған спорттық алаңша салу жоспарланып отыр.