Ордабасы ауданындағы төрт елді мекенде ауыл жолы күрделі жөндеуден өтті

101
26.09.2023 09:44

Ордабасы ауданындағы төрт елді мекенде ауыл жолы күрделі жөндеуден өтті. Өңірде қос қабатты асфальт жабындысымен 13 шақырымға жуық жол жөнделді. Бұл үшін бюджеттен 288 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Төрткүл ауылдық округінің 60 пайыз жолы қанағаттандырарлық деңгейге жетті. Енді тұрғындар әлеуметтік маңызы бар нысандарға еш қиындықсыз бара алады. Ауыл тұрғындарының қуанышына Нұрдәулет Сыздық та ортақтасып келді.