Тойханасын әлеуметтік дүкенге айналдырды

414
20.05.2021 11:52

Әлемді жайлаған пандемия қалыптасқан жағдайға өзгеше көзқараспен қарауды үйретіп жатыр. Бұған дейін Түркістан облысында тойханаларын ардагерлер орталығы, спорт залы және мәдениет үйлеріне айналдырғаны жөнінде айтқан болатынбыз.

Енді Бәйдібек ауданында жеке кәсіпкер тойханасын әлеуметтік дүкенге айналдырды.  Қызбала Құлымбеттің «Қанағат» салтанат сарайы бір  жылдан астам бос тұрды. Тығырықтан шығудың бір тиімді жолы кәсіптің бағытын өзгерту еді.  Қазір мұнда қазір сауданың көрігі қызып тұр. Әлеуметтік дүкенде  өзіңізге қажетті азық-түлік және тұрмыстық заттарды алуға болады. Көтерме сауда нүктесінде тауарлар бағасы қымбат емес. 

 

Мейіржан Беріков -Бәйдібек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы 

– Ол жерде 19 түрлі әлеуметтік азық-түліктің барлығы бар. Және тиісті өз бағасында сатылуда.Аудан орталығының халқы мен аудан орталығына жақын елдімекеннің тұрғындары өздеріне қажетті заттарын алуда. Ауданда жалпы 15 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда.