Мақтааралдықтар Маңғыстауға бір вагон шөп жіберді

132
13.07.2021 00:05

Мақтаралдан Маңғыстауға көмек! Өргебас ауылының тұрғындары қуаңшылықтан төрт түлігі қырылған аумаққа 1 вагон шөп жөнелтті. Былтыр елді мекенді су алғанда алғашқылардың бірі болып маңғыстаулықтар көмек көрсеткен болатын. Себебі ел баспанасыз далада қалғанда қол қусырып отыра алмаған. Бүгінде жағдайға байланысты арнайы қор ашып, жиналған қомақты қаражатқа шөп сатып алған. Ал, 30 ерікті Сарыағаштағы алқапта  Құрмет Талапқазы бастаған топтың қатарына қосылып, шөп оруға көмек көрсетуде. Айта кетейік, еріктілер 3 вагон шөпті жіберіп үлгерді. Тағы 3 вагоны шөп артылып дайын тұрса, екеуі әлі әзірленуде. Қашанда игі істің басынан табылатын өргебастықтар осыған дейін дауылдан жапа шеккен  Отырар ауданына қаржылай жәрдем берген  болатын.