Түркістан
EN

Украинаның шығысында зымыран шабуылынан 17 адам қайтыс болды

299
07.09.2023 14:47

Украина шығысындағы Константиновка қаласында Ресей шабуылынан 17 адам қаза тапты. Тағы 32 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Сол себепті, қайтыс болғандар саны артуы мүмкін, - дейді жергілікті билік. Ресей әскері тура орталық базарға зымыран тастағанға ұқсайды. Украина Президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, ол базардың жанында тұрмақ, ондаған шақырым жерде әскери нысан жоқ. Сондықтан, бұл әдейі халықты қыру үшін жасалған шабуыл дейді.

️