Ордабасыда өндіріс өркендеп келеді

248
20.05.2021 11:46

Ордабасы ауданында өндіріс өркендеп келеді. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда өңірлік өнім  көлемі өскен. Аудан экономикасына жыл басынан бері  7,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Тиімді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудан қазынасына 3 млрд теңгеден астам кіріс түскен.

Жыл басынан бері Ордабасыда өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 22 млрд 834 млн теңгеге жетті. Былтырмен салыстырғанда 4 млрд 255 млн теңге өсім бар.

Нұрбол Тұрашбеков - Ордабасы ауданының әкімі

Ағымдағы жылдың қантар-сәуір айларында өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 22 млрд. 833 млн. 600 теңге болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (18 млрд. 578 млн. 300 теңге) 22,9 пайызға артты.

Ауданға 7,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Өсім былтырмен  салыстырғанда 2,2 есеге артты.  Бүгінгі таңда ауданда өнеркәсіп саласында 39 кәсіпорын бар. Биыл  бұл өндіріс нысандарында   8 млрд. 77 млн.теңгенің тауары  шығарылды. 

Нұрбол Тұрашбеков - Ордабасы ауданының әкімі

Ауданда 2021 жылдың қаңтар-сәуір айында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд 343 млн. 100 теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 106,4%.

Бұл аймақта 10 862  шағын және орта кәсіпкерлік нысаны бар. Онда  15 551 адам  жұмыспен қамтылған.