Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-інде оқу жылының ашылу салтанаты өтті

416
04.09.2023 15:21

Бүгін еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындарында жаңа оқу жылы басталды. Білім мерекесін Қожа Ақмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті де атап өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды да келіп, университет ұжымы мен студенттерді жаңа оқу жылының ашылуымен құттықтады. Жиынға қатысып отырған екі елдің заң саласының білгірлеріне, мәртебелі меймандарға ризашылығын білдіріп, бауырлас Түркиямен байланыс өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.