1000-ға жуық студент университетке қабылданды

213
01.09.2023 16:14

Бүгін тек мектеп оқушылары ғана емес, жоғары оқу орны студенттері үшін де алғашқы білім күні. Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 1-курс студенттерімен кездесу өтті.  4 жыл бұрын ашылған жоғары оқу орнының 1 курсына биыл 1000-ға жуық жас түлек қабылданған. Университетте одан өзге де жаңалықтар жетерлік. Оқу ордасының жанынан әскери кафедра ашылып жатыр. Бұл облыстағы жоғары оқу орындарының жанынан ашылған тұңғыш әскери кафедра.