Жалған екпе құжаты әшкереленді

187
10.07.2021 02:39

Еліміздің үш өңірінде вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов хабарлады. Оның сөзінше, Нұр-Сұлтан, Ақмола және Алматы облыстарында медицина қызметкерлері жалған құжат жасаумен айналысқан. Жауаптылар жалған құжат  халыққа үлкен қауіп төндіреді дейді. Өйткені ол адам вирус жұқтырып, жақындарына  таратуы мүмкін.  Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ПТР-тест нәтижесін қолдан жасау және сату бойынша жыл басынан бері 23 қылмыстық іс қозғалған.  Ал 4 азамат жалған вакцинация паспорттарын пайдаланғаны үшін жазаланған.